Тұрғын үй мәселесі бойынша ашық қабылдау
Ақтау қаласында тұрғын - үй мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап іздеген тұрғындар сала мамандарымен жүздесті. Кезек күту тәртібінен бастап, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктеріне дейін – әрбір өтініш назардан тыс қалмады. Қала тұрғындары үшін ұйымдастырылған «Қызмет алушылар күні» халық пен жауапты мекемелер арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Басты мақсат – тұрғындардың мәселесін тыңдап қана қоймай, нақты шешімін табуға ықпал ету.