Мың студент - бір мақсат
Қаржылық қауіпсіздікке мың жас бір мезетте үн қосты. Ақтауда бірінші курста оқитын мың студенті Қаржылық мониторинг агенттігінің волонтерлері қатарына қабылданды. Шара "Заң мен тәртіп" қағидаты мен "Адал азамат" қағидаты аясында өтті. Елде алғаш рет жүзеге асқан бастама жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, алаяқтықтың алдын алуға бағытталған.