Ақтаудағы теңіз жағалауындағы итбалық пен бекіренің мүсіні алынып тасталды.  {КСМ} 2022 жылы орнатылған бекіре инсталяцияның ұзындығы 13, биіктігі 1,9 метр еді. Ал итбалық мүсінінің биіктігі 2,3 метрді құрады. Алайда, кіші архитектуралық нысандар биыл наурыз айында алынды. Өйткені, вандаллдар қоғам мүлкін талқандап кеткен. Жауаптылар алдағы уақытта қалпына келтірілсе қайта орнатпақ ниетте. Айта кетейік, теңіз жағалауында 10-ға жуық  шағын архитектуралық форма бар.