Маңғыстауда алғаш рет ешкілер көрмесі өтті. 100-ден астам ешкі бағатын кәсіпкерлер жиылып, облыстағы ең сүтті ешкіні анықтады. Өңірдің әр ауданынан асыл тұқымды ешкілерді жинап текелер мен лақтардың шеруін өткізді. Ешкі мүйізін кесіп, лақ мүйізін күйдіру секілді көріністерді көрсетіп, асыл тұқымды түліктің күтімі туралы кеңестер айтты.