Ақтаулықтар "Арзан айфон аламыз" деп алданды. Кәсіпкер 200-ден астам адамды сан соктырды. Олар бірнеше айдан бері не смартфон не ақшаларын ала алмай әлек. Ашынған жұрт кәсіпкермен қоса, телефонды жарнамалаған блогерлерді де жазалауды талап етіп отыр.