Жыл басынан бері Ақтауда 9 тұрғын үйден өрт шықты. Төтенше қызметкерлері қайғылы оқиларды алдын алу мақсатында көпқабатты кешенде арнайы оқу-жаттығу өткізді. Мақсат - биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру үшін қажетті техникалар мен мамандардың жедел әрекетін арттырып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру тактикасын пысықтау. Сондай-ақ жаттығу барасында төтеншеліктер азаматтарға арнайы жадынамалар, ескерту парақтарын таратты. Айта кетейік, бүгінде Ақтау қаласында 90-нан астам көпқабатты тұрғын үй бар.