Ақтауда автобус жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің мәлімдеуінше, ол кондукторға күш бермей, жүргізушіні соққыға жыққан. Кейін қоғамдық көлік жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген. Қазір аталған жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталды.