Облыс әкімі АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілін қабылдады.
Кездесуде тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейін ескеріп, сондай-ақ экономикалық және инвестициялық ынтамақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің Жаһандық инфрақұрылымдық инвестициялар бойынша серіктестік (PGI) жөніндегі арнайы үйлестірушінің міндетін атқарушы Хелайна Матца екі ел арасындағы өзара тиімді әріптестігін әрі қарай дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай кездесу барысында алдағы уақытта негізгі мақсат - шетелдік инвесторларды тартып, тәжірибесін алу арқылы Ақтау қаласын туристік орталыққа айналдыру екенін атап өтті. Айта өтейік, өңірге жұмыс сапары барысында Хелайна Матца Маңғыстау облысындағы «Құрық порты» ЖШС, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК», «КазАзот» және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС жұмыстарымен танысты.