Негізгі Жаңалықтар 5500 бала портал арқылы емделді

5500 бала портал арқылы емделді

Былтыр 5500-ге жуық бала түрлі диагнозбен  облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жоспарлы түрде ем қабылдады. Мамандар жыл сайын 5000 мен 6000 аралығындағы 18 жасқа дейінгі балалар порталмен емделетінін айтады. Жалпы, облыстық көпбейінді балалар ауруханасында шұғыл медициналық алғашқы көмек көрсетуден  басқа өңір  медицинасының бір  салаға бағытталған бейінді мамандарынан кеңес те ала алады. Сонымен қатар  инструменталды зерттеулерден де өтуіне болады. Былтыр ақ халаттылар аудандардан келген 7 мың тұрғынға  кеңес берсе, мыңнан астам адам инструменталды зерттеуден өтті.

Бөлісу