Маңғыстаудағы теңіз порттары - әлемнгің төрт бұрышын жалғайтын негізгі көлік дәлізі болады. Ақтау, Құрық, Баутино теңіз айлақтары халықаралық "Солтүстік-Оңтүстік"  көліктік-сауда жолының дамуына үлес қоспақ. Бүгін сол үшін Ақтауда алғаш рет аталған бағыттағы тасымал әлеуетін арттыратын сауда-экспорттық форумы өтті. 12 мемлекеттің көлік министрлері келген ауқымды шараға 500-ге жуық делегат қатысты.  Форумда еліміз үшін маңызды 3 шешім қабылданды.