Ақтауда "Дәстүр Fest" атты ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған шеберлік сағаты өтті. Шараға республикалық деңгейдегі сарапшылар мен іскер әйелдер атсалысты. Басты мақсат - отбасы институтын нығайту. "Дәстүр фест" бағдарламасы "Кәсіпті қол нәсіпті", "Тәрбие тал бесіктен", "Шебер қолдар" деген сияқты бірнеше бағытты қамтыды. Ер азаматтар мен қыз-келіншектерге бөлек шеберлік сағаты өткізілді. Ал балалар арасында қазақтың ұлттық ойыны асық атуды дәріптеу де назардан тыс қалмады.