Өңірде «Елдесу және татуласу» республикалық жобасы аясында тұрғындарға консультативтік көмек көрсетуге арналған ашық алаң өтті. Шара «Медиация күніне» орай ұйымдастырылды. Жиында мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, депутаттар мен кәсіби медиаторлар жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.