Ақтауда ұлттық стилде безендірілген тағы бір арт-нысан пайда болды. 16 жастағы суретші Айзада Маңғытбаева өзі тұратын үйдің кіреберісін ұлттық стилмен әсем безендірген. 5-шағынаудандағы үйлердің бірінде тұратын ол қабырғаларға домбыра, жетіген, қобыз секілді ұлттық аспаптардың суретін салып, Қожа Ахмет яссауи кесенесін бейнелеген. Сондай-қа ұлттық киім киген қазақ қыздарының келбетімен көмкерілген туынды көптің қызығушылығын тудырған.