Маңғыстау облысы елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Бұл бағытта заң күшейгенімен, қылмыскерлер азаяр емес. Қылмысты алдын алу құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен шара өтті. Жиында отбасында құндылығы, зорлық-зомбылықты алдын алу мәселесе көтерілді. Тұрмыстық жанжалдарға жол бермеу бойынша ұсыныс, пікірлер тыңдалды. Мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге әлеуметтік және құқықтық көмектің тетіктеріне тоқталды.