Тұрғын үйлерге газталдағыш құрылғылары тегін орнатылды
Ақтау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы әкімдікпен бірлесіп, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне газталдағыш құрылғыларын тегін орнатып берді. Арнайы датчиктер ауадағы улы газдың мөлшері шекті деңгейден асқан жағдайда дабыл қағып, тұрғындарды қауіп туралы дер кезінде хабардар етеді.