Бесінші сынып оқушысы мыңнан астам кітап оқыған
Ақтауда мыңнан астам кітап оқыған оқушы бар. Ол – бесінші сыныпта білім алатын Абай Құрманбай. Бала күнінен кітапқа құмар өскен жас оқырман әдебиет әлеміне ерте қызығып, кітапты жақын досына айналдырған. Бүгінде ол кітап оқу арқылы білімін толықтырып, таным көкжиегін кеңейтіп келеді.