Мұрын жыраудың мұрасын жалғаған жас жыршылар
Ғасырлар қойнауынан жеткен жыр өнері Форт-Шевченко төрінде қайта жаңғырды. Мұнда «Мұрынның мұрагерлері» атты 12-18 жас аралығындағы жас жыршылардың республикалық байқауы өтті. Еліміздің әр өңірінен жиналған өнерпаздар терме мен дастан орындап, жыраулық дәстүрдің жалғасы үзілмегенін көрсетті. Көмейден төгілген жыр – кешегінің аманаты, бүгінгінің үні, ертеңгі ұрпаққа қалатын рухани мұра.