Өрт қауіпсіздігінің 10 күндігі өтуде
Ақтаудағы облыстық арнайы мектеп-интернатының оқушылары республикалық байқауда үздік нәтиже көрсетіп, марапатқа ие болды. Олар өрт қауіпсіздігінің онкүндігі аясында ұйымдастырылған «Ерекше қылқалам» сурет байқауына қатысқан. Жас суретшілерді Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы мен облыс әкімінің орынбасары марапаттады.