Текемет өнері – ұлттық мұраның асыл қазынасы
Жырмен жаңғырған ұлттық мұра бұл жолы қолөнермен жалғасты. Форт-Шевченко қаласында өткен рухани-мәдени шаралар аясында екінші республикалық текемет басушылар байқауы ұйымдастырылды. Еліміздің әр өңірінен жиналған шеберлер ата кәсіптің қадірін танытып, текемет басу өнерінің бүгінгі тынысын көрсетті.