Негізгі Жаңалықтар "Руханият шырақшысы" деректі фильмі көрерменге ұсынылды

"Руханият шырақшысы" деректі фильмі көрерменге ұсынылды

Түпқараған ауданында рухани құндылықтарды дәріптейтін «Руханият шырақшысы» атты деректі фильм көрерменге ұсынылды. Туындыда діни-ағартушылық қызметімен танылған Айдар ишан Шайхысламұлының өмір жолы баяндалады. Сондай-ақ Тұщықұдық ауылындағы «Руханият үйінің» жұмысын жандандырып, игі істерге ұйытқы болған Орынжан Рахметұлының еңбегі де қамтылған. Фильм қос тұлғаның руханиятты дамытуға қосқан үлесі мен өнегелі ғұмырын арқау еткен.


Бөлісу