12 -тамыз халықаралық Каспий күні. Осыған орай, облыс әкімі орынбасарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиында Каспий теңізінің экожүйесін қорғау және теңіз деңгейінің тартылу мәселесі әңгіме болды. Сондай-ақ жиналғандар каспийдің биологиялық әртүрлілігін сақтау маңыздылығын атап өтті. Шара соңында айтылған ұсыныстарға хаттама жасақталып, тиісті мемлекеттік органға тапсырма жүктелді. Айта кетейік, ұйымдастырушылар Каспий күні қарсаңында спорттық және мәдени шараларды өткізуді жоспарлап отыр.