Ақтаудағы тергеу изоляторына заңсыз сәлемдеме өткізбек болғандар жазаланды. Аталған дерек бойынша №77 мекемеде жыл басынан бері 3 құқықбұзушылық анықталды. Азаматтар ақша мен ұялы телефонды жасырын түрде өткізбек болған. Заңсыз әрекетке барғандарға қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, іс сотқа жолданды. Айта кетейік, тергеу изоляторына келетін сәлемдемелердің барлығы мекеме қызметкерлерімен жіті тексеріліп, рентген аппараты арқылы өтеді.