Кадрлық ауыс - түйіс. Су тұщыту зауытының бұрынғы басшысы Нұрлыбай Аққұлов қызметінен кетті. Оның орнына Серік Гусман тағайындалып, 3 ші қыркүйектен бастап қызметіне кірісті. Бұған дейін Серік Ғимиранұлы әр жылдары түрлі салада лауазымдық қызметтерді атқарған. Атап айтқанда , Ақтау қаласы әкімдігінде экономика, өнеркәсіп, көлік және сауда бөлімі, мемлекеттік мекемесінің шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманынан бастап, қала әкімінің орынбасары лауазымана дейін көтерілген.