Ақтаулық азаматтан маймыл шешегі анықталды. Ол Конго -Анталия-Ақтау бағытында ұшып келген халықаралық рейс жолаушыларын тексеру кезінде белгілі болды. Жұқпалы аурудың күдігіне ілінген жолаушы дереу арнайы бөлмеге оқшауланды. Алгоритмге сай, карантин бөлмесіне жеткізілген азаматқа жедел жәрдем қызметкерлері келіп, көмек көрсетті. Қан қысымы, дене қызуы сияқты денсаулығына қатысты мәліметтерді толтырып, облыстық инфекциялық статционарға жөнелтті. Бұл - бүгін Ақтау әуежайында маймыл шешегін қарсы өткен арнайы оқу-жаттығуы еді.