Президенттің Қазақстан халықына жолдауында билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог нәтижесінде пайда болған проблемалық мәселелер көрсетілген. Аталған мәселелерді шешу мақсатында өңірлік«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы бір қатар жобаны қолға алған. Мамандар бизнес саласын жақсарту бойынша Президент Әкімшілігіне бірнеше ұсыныс жіберген. Оның 3-і Мемлекет басшысы берген тапсырмаға енгізілген.