Ақтауға іргелес елдімекен тұрғындары 20 жылдан астам уақыт баспаналарын заңдастыра алмай әуре - сарсаңға түсіп жүр. Осы күнге дейін үйлерінің бір де бір құжаты жоқ болғандықтан электр жарығына қымбат тарифпен еселеп төлейді екен. Яғни, жеке тұлғаларға қарағанда әлдеқайда көп шығынданатын көрінеді. Өйткені қазіргі күні олар жарыққа заңды тұлғалардың тарифі бойынша есептесіп отыр. Қала берді жедел- жәрдем қызметін шақырудың өзі мұңға айнылған.