Биыл Әбіш Кекілбайұлының туғанына-85 жыл. Бүгін жазушының туған өлкесінде тарихи тұлғаны еске алуға арналған халықаралық конференция өтті. Қазақ әдебиетіне құбылыс әкелген қаламгердің қазақ руханиятына қалдырған өлшеусіз мұрасын зерттеп жүрген бір топ ғалым торқалы тойға арнайы келді. Сондай-ақ, тарихи тұлғаның жерлестеріне Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Президенттің  құттықтауын жеткізді.