Қалалық аурухана кардиостимулятор құрылғысымен толықты
Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы кардиостимулятор бақылаушысы құрылғысы келді. Медициналық аппаратты қолдану үшін кардиолог дәрігер Алматы қаласында біліктілігін арттырған. Қазір өзге де мамандарға пайдалану нұсқасын үйретіп жатыр. Осы жылдың соңына дейін кардиостимуляторы бар жаңаөзендіктер облыс орталығына қатынамай-ақ, тегін ем қабылдай алады.