Жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүруде
Ақтау қаласында білім бөліміне қарасты 237 білім беру ұйымы бар. Оның ішінде 36 мемлекеттік мектеп, 30 жекеменшік мектеп, 35 мемлекеттік балабақша және 130 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2 қосымша білім беру ұйымы мен 1 кешкі мектеп бар. Жаңа оқу жылына дайындық аясында қауіпсіздік, санитарлық жағдай, оқушыларды қабылдау және мұғалімдердің дайындығы бойынша жұмыстар толық аяқталуға жақын.