Негізгі Жаңалықтар 61 апатты үй жаңартылады

61 апатты үй жаңартылады

Маңғыстау облысында апатты деп танылған үйлерді жаңарту жоспарланып отыр. Өңірде 61 үй апатты жағдайда деп танылған. Жоба Жаңаөзен қаласы, Бейнеу және Қарақия аудандарын қамтиды. Оның 25-і Жаңаөзен қаласында, 17-сі Бейнеу ауданында, қалған 15-і Қарақия ауданында орналасқан. Мәселен, Жаңаөзен қаласында жобаның бірінші кезеңінде «Вокзал» шағын ауданындағы 9 үйдің 100 пәтерінде тұратын тұрғындар көшіріледі. Қала құрылған алғашқы жылдары салынған екі қабатты үйлер бүгінде тұруға жарамсыз деп танылған. Ескі нысандар кезең-кезеңімен сүріледі. Жоба аясында жалпы аумағы 53 мың шаршы метрден асатын көпқабатты тұрғын үйлер салынады. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылы бастап, 2029 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар