Мемлекеттік қызмет алушылардың құқығы қорғалды
Мемлекеттік қызмет сапасына қатысты 319 маңғыстаулықтың құқығы қорғалды. Бұл - биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіш. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірдегі департаментіне түскен өтініштер негізінде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде бірнеше заң бұзушылықтар анықталған.