Негізгі Жаңалықтар Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті

Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті

Ақтауда демалыс базасы бағытындағы тас жолда көліктің қатысуымен апат болып, төрт адам зардап шекті. Апат салдарынан 1964,1965,1989 және 2000 жылы туған азаматтар Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Медициналық тексеру нәтижесінде үш азаматтың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, толық тексерістен кейін амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді. Ал 2000 жылы туған азамат травматология бөлімшесіне жатқызылып, қазіргі таңда тиісті ем қабылдап жатыр. Әзірге дәрігерлердің бақылауында болады. 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар