Негізгі Жаңалықтар Тоққа түсіп қайтыс болды

Тоққа түсіп қайтыс болды

Форт-Шевченко қаласында электр монтерінің өліміне қатысты дау шықты. 26 жастағы Манас Қылышбаев жоғары кернеулі токқа түсіп, жұмыс барысында көз жұмған. Марқұмның туыстары оның бригада басшысының үйіндегі жұмысты орындауға барғанын айтып отыр. Ал компания өкілдері мұнымен келіспейді. Олардың сөзінше, Манас ол жерге қызметтік тапсырмамен емес, жұмыс уақытынан кейін жеке көлігімен өз бетімен барған. Қазір қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар