Негізгі Жаңалықтар Мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті

Мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті

Аймақтық дене тәрбиесі орталығының мұрындық болуымен нөмірі  24 ші мектеп ғимаратында мұғалімдер арасында волейболдан облыстық жарыс өтті.  Тартысты турнирде  білім басқармасына бағынысты  ұйым  қызметкерлерінен  құралған  8 команда қатысты.  Жарыстың  ерекшелігі ойынға  мектеп директорлары өзара  команда  құрып, педагогтермен бақ сынады. Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған жарыста, білім басқармасының өкілдері сәттілік тілеп, волейбол ойынның шымылдығын түріп берді.


Бөлісу