Ынтымағы жарасқан, ырыс-берекесі тасыған жарты ғасырлық тарихы бар Сарға ауылының халқы мерейлі жылды торқалы той өткізіп атап өтті. Айтулы күнде елге шарапаты тиетін игілікті іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерейтой аясында «Есек Мерген батыр» атындағы саябақ ашылды. Бұдан бөлек атаулы күнге орай ауыл үлкендері арасында жаяу жүру марафоны өтті.