Елордада мүгедектігі бар 36 мың адам тұрады, оның 21 мыңнан астамы дауыс беру құқығына ие. Референдум учаскелерінде ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркелген учаскелерде арбаға таңылғандар үшін пандустар, көруі нашар жандар үшін арнайы бедерлі жолақ, бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндік беретін трафарет және жеке көмекшілер тартылған.