Елімізде 900-ге жуық медицина қызметкері «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде оқып келді. Оның 382-і дәрігер. Әлемнің жетекші медициналық жоғары оқу орнында тәлім алғандар бүгінде барлық өңірде абыройлы еңбек етіп жүр. Халықаралық тағылымдамадан өткен ақ халаттылардың бірі Ақтаудағы емханада отоларинголог-дәрігер қызметін атқарады.