Биыл Ақтау қаласын жаңа жылдық безендіруге 76 млн бөлінді. Бұл қаражатқа қала әкімдігі теңіз жағалауына және облыстық музейдің алдына ұзындығы 25 метрлік шыршалар қойып, орталық көшелерді безендірмек. Қалада фотоаймаққа арналған кіші сәулет формалары да орнатылады. Жаңа жылдық безендіруге арналған мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде жеңімпаз ретінде жеке кәсіпкері анықталды.