Балшыққа батқан басқұдық ауылының тұрғындары бүгін арнамызға хабарласты. Айтуларынша ауыл көшелерін тегістемек болған шенділердің төккен құмы батпаққа айналған. Мердігер компания топырақ орнына саз төгіп кетіпті. Салдарынан оқушылары мектепке бара алмай, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған.