Құрық ауылында орналасқан "Аксон мед" оңалту орталығы айына 200-ге жуық адамды қабылдайды. Оның 100-і облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жолдамасымен келгендер. Ал, 60-тан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы ем қабылдайды. Қалған азаматтар ақылы түрде ем-дом алады.