“Маңғыстау - сенің ұлыңмын”. Өңірде осындай атаумен Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы Кенжебек Сержанұлының шығармашылық кеші өтті. Рухани шарада көпшілікке журналистің жаңа кітабы таныстырылды.