Өңірлік кадр резервіне Маңғыстау облысынан 25 адам іріктеліп алынды. Оларға жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік беріледі. Соған орай облыс әкімі өңірлік кадр резервінің өкілдерімен кездесті.