Ақтаулық келіншек жедел жәрдем шақыртқаны үшін 80 мың теңге айыппұл арқалады. "Пранк" үшін әйел өзінің көп мөлшерде дәрі - дәрмек ішкенін айтып ,103 нөміріне қоңырау шалған. Медицина бригадасын әзіл үшін шақыртқан тұрғынға әкімшілік жауапкершілік жазасы тағайындалып, айыппұл салынды.