Облыста жыл басынан бері 13 адам газға уланып, оның үшеуі көз жұмған. Қайғылы жағдай жеке үй тұрғындарының қауіпсіздік шараларын сақтамағанынан орын алады-дейді, мамандар. Осы ретте, қауіпті алдын алу мақсатында Мұнайлы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жеке үйлерді аралап, жылу қазандықтар мен пештерді дұрыс пайдалануды жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.