Ақтауда бес жігіт фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істейтін қызды ұрлап кетіп, бірнеше сағат бойы күштеп ұстаған. Бұзақылардың біреуі жәбірленушіні көлік ішінде зорлап, арам ойын іске асырыпты. Ол аздай спортшы қызды қорқытып атына 2 миллион теңге несие рәсімдеткен. Оқиғадан соң жәбір көрген спортшы 9-шы қабаттан секіріп, көз жұмды. Жаттықтырушының туысы кінәлілерге кесілген соттың үкімімен келіспей, әділ жаза беруін талап етеді. Спортшының туған інісі редакциямызға хабарласып, айтарым бар деді.