Ақтауда 9-11 сынып оқушылары қатысқан жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды. Білімділер додасына қатысуға мыңға жуық оқушы өтініш білдірген. Өңірлік деңгейде оза шапқан дарындылардың басы бір арнаға тоғысып, гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білімдерін ортаға салды.