Былтыр Қарақия ауданында 9 көлік отқа оранды. Ал 2023 жылы 8 оқиға тіркелді. Олардың барлығы Жетібай ауылында болған. Осыған орай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі "Қауіпсіз көлік" акциясы аясында темір тұлпар тізгіндегендерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.