Ақтаулық оқушылар жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін екі бірдей жоба жасап шықты. Оның бірі - өндіріс орындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Ал екіншісі - қазақ мәдениеті мен тарихын, әдеби кейіпкерлерін танытатын электрондық ойын.