Ақтауда тұрғындар үйлерінің маңындағы құрылысқа наразы. Айтуларынша мердігер мекеме өздеріне белгіленген ауланы артығымен қоршап, тұрғындардың қатынап жүрген жолын өз аумағына кіргізіп алған. Тиісті мекеме өкілі қолындағы сызбаны түсіндіруге тырысқанымен жиналған көпшілік пен әкімдік өкілдері, халық қалаулылары да жобадан ауытқу бар екенін айтты. Сонымен қоршау алынды ма?