Облыстағы тері-венерологиялық диспансерінің жағдайы мәз емес. 1963 жылы салынған орталықта пациенттерді емдеу үшін маңызды жабдықтар  жоқ дейді мамандар. Сондықтан биыл ғимаратты жаңалау жұмыстары қолға алынбақ. Себебі, биыл аймақ орталығы мен ауылдардағы бірқатар медициналық мекемелерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.